АҚШ ғалымдары 30 жыл шайқалмаған бақытты шаңырақ иелерінің басты құпиясын ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бақытты ерлі-зайыптылар ДНҚ-ның кейбір бөліктері өте ұқсас, деп мәлімдеді Америка ғалымдары. Бақытты некенің құпиясы осында, деп жазады «Росбалт» сайты.
ДНҚ ұқсастығы ерлі-зайыптының мінезі бірдей екенін, сондықтан олардың болмашы нәрсеге ұрыспай, бір-бірін сөзсіз түсінетініне кепілдік береді.
Биологтар некеде 30 жылдан астам уақыт болған 830 отбасылық жұпты арнайы ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстырды. Олардың ішінде 1930 және 1950 жылдар аралығында дүниеге келген жұптар ДНК зерттеу жұмысына келісім берді.
Осылайша, генетиктер ерлі-зайыптылар ДНҚ-сының ұқсас келуімен олардың өз некелеріне ризашылықтары арасында тікелей байланыс барын анықтады.
Уикипедия анықтамасы: Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.