АҚШ ғалымдары арғы тегі азиялықтардың неліктен алғыр болатындығын түсіндіріп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар арғы тегі азиялық американдықтардың академиялық жетістігінің себебі еңбек этикасына байланысты екенін айтады.

АҚШ ғалымдары арғы тегі азиялықтардың неліктен алғыр болатындығын түсіндіріп берді

1998-2013 жылдар аралығында түрлі нәсілге жататын 3 мыңға жуық баланың оқу үлгерімін тексерген ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр.

Белгілі болғандай, бұл балаларда когнитивтік біліктілік немесе танымдық ынтасы бойынша еш айырмашылық болмаған.

Атап айтқанда, шығу тегі азиялық американдықтар еңбек этикасы бойынша ғана ерекшеленіп, көзге түскен. Олар білім алуға көп күш-жігер жұмсап, сондай-ақ өздерінің қатарластарына қарағанда тапсырмаларды орындауда айрықша зейін қояды екен, деп жазады Росбалт.