АҚШ ғалымдары смартфонды 1 минутта қуаттандыратын технология ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стэнфорд университетінің ғалымдары смартфон батареяларын 1 минут ішінде толық қуаттандыратын жаңа технология әзірленгендігін жария етті, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.
Ғалымдардың айтуынша, бұл аккумуляторлар бұған дейінгі қуаттандырғыштардан қауіпсіз, қоршаған ортаға да зияны жоқ. Жаңа технологияны барлық құрылғыларға, соның ішінде смартфондарды қуаттандыруға пайдалануға болады. Алайда, мақала авторы Би-би-си агенттігінің тілшісі аталған жаңа технологияның адам өмірі үшін қауіпсіздігін әлі де анықтау қажеттігін жазған.