АҚШ гендік модификацияланған бидайдың анықталуы жағдайына түсінік берді

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі гендік модификацияланған бидайдың анықталуын бірлі-жарым жағдай деп мәлімдеді.

АҚШ гендік модификацияланған бидайдың анықталуы жағдайына түсінік берді

ВВС-дің жазуынша, мамырда Жапонияда, Тайвань және Оңтүстік Кореяда гендік модификацияланған астықтың байқалуына байланысты Орегон штатынан америкалық бидайды сатып алуды аталған елдер тоқтатқан көрінеді.

АҚШ-тың осы өңірінде 2005 жылы Monsanto компаниясы гендік модификацияланған бидайды өсіру бойынша тәжірибелер жүргізген екен. Атап айтқанда, астықтың бұл түрі арамшөптер ықпалына қауқарлы болып шыққан.

Дегенмен, бидайдың осы түрін саудалауға рұқсат бірілмеген.