АҚШ Гренландияға басып кірмейді
АСТАНА. KAZINFORM — Сенатор Джеймс Ланкфорд АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың Гренландияны әскери күшпен басып алу қаупін жоққа шығарды, деп хабарлайды NBC News.

Оклахома республикашылы «Баспасөзбен кездесуге» берген сұхбатында Америка Құрама Штаттары басқа елге басып кірмейтінін айтты.
Сенатордың сөзінше, Америка Құрама Штаттарына Гренландия «экономикалық қауіпсіздік үшін» қажет.
– Ашығын айтқанда, президент өте анық айтты. Ол америкалық әскерді соғыстан сақтаған президент. Ол соғыс бастауды, америкалық әскерді кеңейтуді көздемейді, бірақ Американың ұлттық қауіпсіздігін қорғап қалуды қалайды, оның бір бөлігі - біздің экономикалық қауіпсіздігіміз бен болашағымыз, - деді Джеймс Ланкфорд жексенбіде.
Джеймс Ланкфордтың мәлімдемесі Дональд Трамп соңғы апталарда Гренландияны аннексиялауға қызығушылық танытқан сәтте жасалды.
Өткен айда Дональд Трамп: «Америка Құрама Штаттары Гренландияға иелік ету және бақылау бүкіл әлемдегі ұлттық қауіпсіздік пен еркіндік үшін өте маңызды деп санайды» деп жазды.
Флоридадағы баспасөз мәслихатында сайланған президент тіпті Гренландия мен Панама каналын бақылауға алу үшін әскери күш қолдануға дайын екенін айтқан.