АҚШ хакерлер шабуылына ұшырады

МӘСКЕУ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат -  Хакерлер  ұйымдасқан түрде   АҚШ мемлекеттік сайттарына  шабуыл жасады, 
None
None

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

Атап айтқанда, Қаржы министрлігінің,   Көлік министрлігінің,  Федералдық  Сауда комиссиясының  интернет-ресурстары  мен  мемлекеттің  бірінші  тұлғаларын  қорғаумен  айналысатын құпия қызметтің   парақшасы   шабуылға ұшырап  отыр. Оған   қоса, киберқылмыстармен  күресетін  ведомствоның да  сайты  шабуылданып  отыр. 

Виртуальдық соғыс    шілденің 4-і,   Америка  мемлекетінің Тәуелсіздік күні  басталған. Жақсы жоспарланған және  жаппай  жасалған    шабуылдардың   салдарын    жою   әлі  де  қиынға түсіп отыр.     АҚШ мемлекеттік    мекемелерінің  өкілдері   бұл оқиғаға  қатысты  түсіндірме   беруден бас тартуда.  АҚШ-пен қоса, Оңтүстік Кореяға  да      виртуалды  шабуыл жасалған.     Онда   Президент  әкімшілігінің,  Қорғаныс министрлігінің,    билік  жүргізуші партияның, Shinhan банкінің   сайттары мен  елдің  басқа да  маңызды порталдары    нысана болған. 

Сарапшылар бұл  екі  шабуылдың  өзара байланысты  екенін айтып  отыр.   Себебі,  екі  шабуыл да бір  сценариймен жасалған, дейді олар.

Соңғы жаңалықтар