АҚШ: Харрис үш негізгі штатта Трампты басып озды

АСТАНА. KAZINFORM – Камала Харрис Мичиган, Висконсин және Пенсильвания штаттарында Дональд Трамптан 4%-ға алда келе жатыр. Свинг штаттарындағы сайлаушылардың 50%-ы АҚШ вице-президентін, 46%-ы бұрынғы президентті қолдаған. 

 Трамп пен Харрис
Фото: france24

10 тамызда The New York Times газеті мен Siena College зерттеу институты жариялаған сауалнама нәтижелері бойынша Америка Құрама Штаттарының вице-президенті, Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Камала Харрис үш маңызды штатта – Мичиган, Висконсин және Пенсильванияда республикашыл кандидат Дональд Трамптан басым түсті. 

Сауалнама 5-9 тамызда өткен. NYT хабарлауынша, Харристің Пенсильваниядағы рейтингі бір айда 10%-ға өскен.

Басылым вице-президенттің табысын оның жуырдағы сайлау науқаны кезінде Мичиган, Висконсин және Пенсильванияға жасаған сапарымен байланыстырады. Сайлаушылармен, соның ішінде вице-президенттікке кандидат Тим Вальцпен кездесулерде Харрис климаттың өзгеруіне қатысты ұстанымы үшін республикалық қарсыласын сынға алды. Дегенмен, сауалнамаға сәйкес, басқа штаттардағы сайлаушылар АҚШ үшін ең өзекті мәселелер саналатын иммиграция мен экономикада әлі де Трампты қолдайды.

Сауалнамаға қатысқан сайлаушылардың 47%-ы Трамптан ел үшін «өте жаман» болатын өзгерістерді күтетінін айтқан, ал Харрис туралы дәл осылай айтқандар 37%-ды құрап отыр. Сайлаушылар сонымен қатар вице-президентті Трампқа қарағанда АҚШ президенттігіне интеллектуалды және темпераментті үміткер деп санайды. 

Айта кетейік, АҚШ президенттігіне үміткерлер Камала Харрис пен Дональд Трамп 10 қыркүйекте теледебатта кездеседі.