АҚШ: Химия зауытындағы жарылыстан болған өрт қарттар үйі мен мектепке ауысты, 70-ке жуық адам қаза болды
Бұл туралы қаланың жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап жергілікті KWTX телеарнасы хабарлап отыр.
Зауыттағы жарылыс туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша 19:50-де түскен. Аммиактың жарылысынан кейін кәсіпорында бірден өрт шығып, жалын әп-сәтте көршілес орналасқан қарттар үйі мен мектепке ауысты.
Қарттар үйінің тұрғындары жалынның қақпанына түсіп, одан барлығы шыға алмады. Апаттың салдарын жоюға тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен дәрігерлер жұмылдырылды. Зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізу үшін 6 өрт сөндіру тікұшағы тартылды.
Зардап шеккендердің саны бірнеше жүз адамды құрайды, олардың дені жарқыншақ тиіп жараланған. Жарылыс толқыны 15 шақырым жерде сезілді, қалада 70 үй қирады.
Жергілікті тұрғындардың арыздарына қарағанда, құтқарушылар кәсіпорында лаңкестік орын алып, тағы бір жарылыс шығатынынан қауіптеніп, зардап шеккендерге қолғабыс етуге асықпаған. Әзірге апаттың шығу себептері белгісіз.