АҚШ Ирактан 2011 жылы кетуге үміттеніп отыр
АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат - Иракта зорлық-зомбылықтың жалғасып жатқанына қарамастан, Құрама Штаттар өз әскерін Ирактан 2011 жылдың соңына дейін шығару жөніндегі жоспарын өзгерткен жоқ, деп мәлім етті АҚШ Президенті Барак Обама.
Вашингтонда Ирак премьері Нури әл-Маликимен болған кездесуден кейін сөйлеген сөзінде Обама, АҚШ-тың өз сөзінде тұратынын атап көрсетті және оған дәлел ретінде американ күштерінің жақында Ирак қалаларын тастап шыққанын еске салды.
Әл-Малики өз кезегінде, Ирактың қауіпсіздік күштері жақсы дайындалғанын мәлім етті. Ирак премьерінің айтуынша, ол Обамамен АҚШ пен Ирактың арасындағы «стратегиялық достық» аясындағы ынтымақтастықтың барлық жағдайын талқылады.