АҚШ Иранға әскери соққы жасалу мүмкіндігін жоққа шығармайды

АСТАНА. Қазанның   28-і.  ҚазАқпарат - АҚШ   Иранға  әскери соққы     жасалу  мүмкіндігін жоққа   шығармайды.    Тегeран    жақын  арада   өзінің   ядролық бағдарламасын   тоқтату  бойынша   айқын  қадамдар    жасамаса,  солай болуы мүмкін,  деп  мәлім етті АҚШ   президентінің  ұлттық қауіпсіздік  жөніндегі    көмекшісі   Джеймс Джонс. 
None
None

«Біз  ештеңені    жоққа  шығармаймыз   және  ештеңеден бас тартпаймыз», - дейді Джонс.   Оның айтуынша, «қазір Иран   өз  міндеттемелерін  орындауы керек». Санкциялар     салу   мүмкіндігіне  тоқталған   американ  президентінің көмекшісі,       Тегeран басшылығының      шешім қабылдауына     аз  ғана  уақыт бар  екенін   мәлім етті. Бұл туралы  «Эхо Москвы»   радиостансасы  хабарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар