АҚШ Иранға қарсы блокада кезінде 118 кеменің бағытын өзгертті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Иранға қарсы блокада басталғалы бері 120-ға жуық кеменің бағытын өзгертіп жіберді, деп хабарлайды Анадолы.

АҚШ Иранға қарсы блокада кезінде 118 кеменің бағытын өзгертті
Фото: Анадолы

АҚШ Әскери-теңіз күштері Иранға қарсы теңіз блокадасы басталғаннан бері 118 кеменің бағытын өзгерткен.

Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, тағы 5 кеме істен шығарылған.

Айта кетейік, АҚШ әскери күштері Иранға қарсы теңіз блокадасын 13 сәуірде бастаған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сәуірдің ортасында АҚШ Иран порттарына қатысты әскери-теңіз блокадасын бастады.

АҚШ-тың Иранға қарсы енгізген теңіз блокадасы Тегеранға шамамен 4,8 млрд доллар көлемінде экономикалық шығын әкелді.

Өз кезегінде Иран теңіз блокадасын тоқтатып, АҚШ күштерін шығаруды талап етті.