АҚШ Иранға қарсы кезекті санкциялар бумасын әзірлеуде
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Санкциялар режимін қатайту басталғаннан бері Иранда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1 млн. баррельге азайды, деп хабарлады vestifinance.ru.
Конгрессмендер 2015 жылға қарай Иран мұнайы экспортын толық жабуды көздейтін шараларды әзірлеуде. Бұған қоса, Иранның кен өндіру және құрылыс секторлары кәсіпорындарын қара тізімге енгізу мүмкіндігі қаралуда.
Жаңа шаралар бумасын конгрессмендер тамыз каникулына дейін мақұлдауы мүмкін, бұл елдің жаңа президенті Хасан Роуханидің инаугурациясы басталғанға дейін ешқандай белсенді іс-қимыл жасамауға бейілді Ақ үйдің алаңдаушылығын туғызуда.
Бұған дейін Ирандағы мұнай өңдеудің ең төменгі деңгейі 2012 жылғы қыркүйекте - күніне 2,63 млн. баррель болған еді. Бұл 1991 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалаулары бойынша, сәуір айында өндіру көлемі күніне 2,65 млн. баррель болды.
Алдын ала бағалаулар бойынша мамыр айында өндіру күніне 2,5 - 2,6 баррельге дейін құлдырады. Бұл 1989 жылдан бергі мұнай өндіру көлемінің ең төменгі көрсеткіші. 2011 жылдың басында АҚШ пен ЕО тарапынан Иранның мұнай өнеркәсібіне қарсы санкцияларды қатайту режимі басталғанға дейін Ислам Республикасында мұнай өндіру көлемі күніне 3,5 млн.баррельді құраған болатын.