АҚШ Ираннан Washington Post басылымының тілшісін босатуды талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ үкіметі «Washington Post» басылымының тілшісін «тыңшылық жасады» деп айыптап отырған Тегеран әрекетін «ақылға сыйымсыз» деп атады, деп жазады Би-би-си агенттігі.

АҚШ Ираннан Washington Post басылымының тілшісін босатуды талап етті

АҚШ-тың да, Иранның да азаматтығын алған Джейсон Резаян 9 ай бұрын Тегеран қаласында тұтқындалған болатын. Оған тыңшылық жасады деген айыппен қатар, Иранға жаулық қылған елмен байланысты деген де кінә тағылған. АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің мәлімдемесіне сүйенсек, Иран АҚШ басылымының тілшісіне қандай айып тағылғаны туралы Вашингтонға нақты ресми ақпарат берген жоқ. Ақ үй журналисті тез босатуды талап етті. Резаянның адвокаты прокуратура оның кінәлі екеніне нақты айғақтар тапқан жоқ деп мәлімдеме жасады.