АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздің нәтижесіне әзірге баға беруден бас тартты

АСТАНА. Қазанның   2-сі. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік  хатшысы  Хиллари  Клинтон    Иран  проблемасы бойынша   Женевада  өткен  келіссөзді  табысты   өтті  деп  мазмұндады,  бірақ    қол жеткізілген     нәтижелерге    әзірге баға  беруден бас тартты,

АҚШ Иранның  ядролық бағдарламасы   жөніндегі келіссөздің    нәтижесіне әзірге баға  беруден бас тартты

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

«Бүгінгі келіссөзге    нақты баға  бергім келмейді.   Күні бойы  Иран   делегациясы мен    «алтылық» елдерінің   кездесулері, сондай-ақ  АҚШ-Иран  екіжақты кездесуі  өтті.  Менің  ойымша,  бұл   нәтижелі күн болды,  бірақ біз   Иранның  іс-әрекетін   бақылауды жалғастыратын боламыз»,  деді   АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари  Клинтон ханым   бейсенбі күні Вашингтонда журналистерге  берген сұхбатында.

Клинтон ханымның айтуынша,   Мемлекеттік  хатшының  орынбасары Уильям Бернс    келіссөздің  барысы  туралы       оған   телефон арқылы  хабарлаған.  «Бернс,   келіссөзде   көптеген  маңызды мәселелердің  сөз болғанын  айтты,   енді  біз     Иранның     оларға қаншалықты     тез  жауап  беретінін  күтуіміз  керек»,  деп атап көрсетті Мемлекеттік  хатшы  өз сөзінде.