АҚШ: Ірі кесірткелер тұрғындарды шошытып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Флорида штатының батыс бөлігінде Латын Америкасында кездесетін кесірткенің бір түрі - тегу қаптап кетті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС
Сейсенбі күні CNN арнасы хабарлағандай, шақырылмаған қонақтар қоршаған ортаға орны толмас зиянын тигізуі ықтимал. Олар құстар, жұмыртқалар, кішігірім жануарлармен және өсімдіктермен қоректенеді.
Жалпы тегудің 6 түрі бар. Оның төртеуі Флоридада байқалып отыр.
Іштеріндегі аса ірілері - ақ-қара кесірткелер. Олардың ұзындығы 1,4 м, ал салмағы 5 келіге жетеді. Сондай-ақ жылдам жорғалаумен қатар жақсы жүзе де алады. Тегу Флориданың жылы климаттық жағдайында тез көбейіп, бір ретте 36 жұмыртқа салады.
Штаттағы жабайы табиғат департаментінің мамандары кесірткелер тасқынын тоқтату жолдарын іздестіруде.