АҚШ исламмен ешқашан соғысқан емес және соғыспайды - Барак Обама
АНКАРА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Түркияға ресми сапармен барған АҚШ Президенті Барак Обама жергілікті парламентте сөйлеген сөзінде, түрік парламентшілерін, сонымен бірге барша мұсылман әлемін, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы сыртқы саясаты исламмен күреске бағытталмағанын айтып, сендіруге тырысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. «Американың мұсылмандармен қарым-қатынасы «Әл-Кайедамен» арадағы күреспен мазмұндалмауы керек», деп атап көрсеткен Ақ үйдің иесі, АҚШ-тың «исламмен ешқашан соғыспағанын және соғыспайтынын» мәлім етті. «Біз өзара мүдде мен өзара құрметке негізделген қарым-қатынастың жаңа салаларын іздестірудеміз», деп түйіндеді өз сөзін Обама.