АҚШ-қа лаңкестік шабуылдар жасалуы мүмкін - ОББ директоры

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобының содырлары Құрама Штаттардың аумағында жаңа лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруға әрекеттенуі мүмкін. Бұл жөнінде дүйсенбі, 15 ақпан күні CBS телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тағы Орталық барлау басқармасының директоры Джон Бреннан мәлімдеді, деп жазады Lenta.ru.
None
None

«Мен олар мұнда өздерінің адамдарын, материалдарын жіберуге әрекеттенеді деп ойлаймын», - деп шамалады ОББ-ның басшысы. Бұдан басқа, лаңкестер АҚШ аумағында жалданған адамдарға сенуі де мүмкін.

«Олар міндетті түрде табысқа жетеді деп ойламаймын», - деді Бреннан. Лаңкестер Батыс пен Мұсылман әлемінің арасында жанжал шығаруға әрекеттеніп отыр, дейді ол. Бреннанның пікірінше, бұл ИМ қатарына жаңа жақтастарды тарту мақсатымен жасалып отыр.

ОББ-ның директоры арнайы қызметтердің Еуропада лаңкестік әрекеттердің жолын кескенін хабарлады. «Сөзіме сенсеңіздер, қауіпсіздік және барлау қызметтері көптеген шабуылдардың алдын алған», - деді ол. Бұл ретте орындаушы күдіктілер де ұсталды, Бреннанның айтуынша, олар «Ирактан Сирияға, одан Еуропаға кейін өткен».

Соңғы жаңалықтар