АҚШ-қа тікелей рейстің ашылуы талапқа сай ұшақтың болуына байланысты - Питер Фостер

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Air Astana тобының президенті Питер Фостер қазақстандық әуе компанияның АҚШ-қа тікелей рейс ашуға қаншалықты дайын екенін айтты.

Питер Фостер
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

Kazinform тілшісі Air Astana әуе кемелері мұхит асып АҚШ-қа ұшуына қаншалықты дайын екенін сұрады.

- Бұл 787 Boeing әуе кемесінің жеткізілуіне байланысты. Өздеріңіз білетіндей, Boeing компаниясының жеткізу қызметі күні кеше аяқталған ереуілден зардап шекті. Сондықтан айтылған әуе кемесі 2025 жылдың аяғы не 2026 басынан ерте жеткізілуі екіталай. Осыны ескере отырып, АҚШ-қа тікелей рейстердің ашылуы талапқа сай ұшақтың болуына байланысты деп айта аламын, - деді компания президенті.

Сондай-ақ, Питер Фостер болжамдағы әуе бағытының бағасы туралы айтты.

- Біз бұл бағыттағы рейстің бағасын әлі есептемедік, себебі бұл алыс жоспар. 787 Boeing әуе кемесінің жеткізілуінің нақты уақыты белгілі болған кезде біз баға туралы шешім қабылдай аламыз. Әрине, АҚШ тікелей рейсіне сұраныс бар және тек Қазақстан тарапынан ғана емес, жалпы Орталық Азиядан бар. Нақты айтарым, АҚШ-тан бұрын 2026 жылдың наурызында Токиоға рейс ашылады, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін сенатор еліміздегі ұшақ рейстерінің жаппай кешігуіне шағым көбейгенін айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар