АҚШ: Калифорния штатына ауызсу жетіспеушілігі қаупі төніп тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Калифорния штатының су қорларын басқару мекемесі құрғақшылық салдарынан жергілікті барлық тұтынушыларды сумен қамтамасыз ете алмайтынын жариялады, деп хабарлады Би-Би-Си.
Бұл жағдай осы басқарма жұмыс жасай бастаған 1967 жылдан бері алғаш рет пайда болып отыр.
Калифорния штатының губернаторы Джерри Браунның айтуынша, «жарияланған ақпарат Калифорнияны құрғақшылық жайлауынан хабар береді». Бұдан екі апта бұрын Браун штаттағы құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялап, халықты суды үнемдеп пайдалануға шақырған болатын.
Басқарманың орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне штат халқының үштен екісі - 25 млн.-ға жуық адам және 400 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабы тәуелді. Калифорнияның су қоймаларында оның деңгейі ең төмен межеге жақындады. Синоптиктер 2014 жыл Калифония үшін бақылаудың барлық кезіндегі ең құрғақ жыл болады деген болжам жасауда.