АҚШ: қарлы дауылдың салдары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Массачусетс штатында қарды тазалауға Ұлттық гвардияның жүздеген жауынгері қатысуда, деп жазады euronews.com.

АҚШ: қарлы дауылдың салдары

Бостонда ауа температурасы минус 8 градусқа дейін төмендеді. Алайда жел мен ылғал салдарынан минус 18 градустай болып сезіледі.

Ақпан айы Бостон тарихындағы ең қар көп жауған ай болып отыр. Бұндай жағдай Нью-Гэмпшир мен Мэн штаттарында да орын алып отыр. Сонымен бірге Нью-Джерсиде бір әйел қаза тапты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Бостон мен Нью-Йорк әуежайларында шамамен 1800 рейс тоқтатылған.