АҚШ: Қазақстандық титан компаниясына қатысты шағым негізсіз

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - АҚШ қазақстандық «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-на қатысты шағымы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

«Төрт адамнан тұратын АҚШ халықаралық сауда комиссиясы қазақстандық компанияның үстінен түсірілген шағымға қатысты қарсы дауыс берген болатын. Ол бойынша Қазақстаннан импортталатын кеуекті титаннан АҚШ өнеркәсібі материалдық зиян көріп жатқандығын растайтын негіздемелердің жоқтығы расталды. Осыған байланысты шешім шығарылып, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ға қатысты талқылау тоқтатылды», - дейді комбинаттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, АҚШ Халықаралық сауда комиссиясының сайтында (www.usitc.gov) 24 тамыз күні «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ға қатысты демпингке қарсы және өтемақы баждарын енгізу бойынша іс қозғауға бастама көтерілді" деген ақпарат жарияланған болатын.

Комиссияның қарауына ұсынылған Петицияда: «ӨТМК» АҚ-тың АҚШ-қа кеуекті титан экспорттауы дәл осы қызметпен айналысатын Американың «Titanium Metals Corporation» компаниясына материалдық залал келтіріп жатыр" деген айып тағылған еді. 

Соңғы жаңалықтар