21:27, 03 Мамыр 2017 | GMT +5
АҚШ кезекті рет құрлықаралық зымыранын ұшырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та құрлықаралық баллистикалық (ҚБЗ) Minuteman III зымыраны ұшырылып, сынақтан өткізілді.
Бұл туралы АҚШ Әуе әскері күштері Жаһандық соққылар қолбасшылығына сілтеме жасап Лента.ру хабарлады.
Ұшырылым Ванденберг (Калифорния) базасынан Тынық мұхиты уақыты бойынша сағат 00.02-де жасалды. Оны Мальмстрем (Монтана) базасынан 341-ші зымыран қанаты құрамындағы команда жүзеге асырды. Оқтұмсығы бар ракета 4,2 мың миль ұшып, Кваджалейн (Маршаллов аралдары) тынықмұхиттық атоллы аумағына жетті.
Сынақ жауынгерлік кезекшілікте тұрған баллистикалық зымырандардың техникалық әзірлігін растау үшін жүргізілді.
Бұл соңғы аптада жасалған екінші сынақ. 26 сәуірде Ванденберг базасынан Кваджалейндегі полигон ауданындағы насанаға зымыран ұшырылған болатын.