АҚШ Қытай компаниясына санкция салып, 10 миллион доллар сыйақы жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қаржы министрлігі Қытайдың Сычуань провинциясында орналасқан «Сычуань Ушэн Ақпараттық Технологиялар» компаниясына және оның қызметкері Гуань Тяньфэнге санкция салды, деп хабарлайды LHZB ақпарат агенттігі.

Китай и США
Фото: DALL-E

Министрлік компанияны 2020 жылдың сәуірінде әлем бойынша 80 мыңнан астам брандмауэрге зиянды бағдарламалар орнатты деп айыптады. Зиянды бағдарламалар мәліметтерді ұрлап қана қоймай, шифрлау арқылы кәсіпорындардың желілерін істен шығаратын вирус енгізген.

АҚШ-тың мәліметінше, бұл шабуыл 23 мыңнан астам брандмауэрге әсер еткен, оның ішінде 36-сы маңызды инфрақұрылым нысандарын қорғау үшін қолданылған. Мәлімдемеде шабуыл салдары жойылмаса, оның «ауыр жарақаттар мен адам өліміне» әкелуі мүмкін екені атап өтілген.

Осыған байланысты, АҚШ Әділет министрлігі 10 желтоқсан күні Гуань Тяньфэнге компьютерлік және электронды алаяқтық бойынша айып тақты. Сонымен қатар, өзінің, компаниясының немесе хакерлік әрекеттері туралы ақпарат үшін 10 миллион доллар сыйақы жариялады.

Айыптау құжатына сәйкес, олар британиялық Sophos компаниясының брандмауэріндегі осалдықтарды пайдаланып, шабуыл жасаған. Сонымен қатар, олар хакерлік шабуыл арқылы алынған деректерді Қытайдың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына сатты деп айыпталуда.

Бейжің өз кезегінде хакерлік және басқа да кибершабуылдарға қатысы бар деген айыптауларды жоққа шығарды.

Осыған дейін кеден бекетінде елге заңсыз кірген Қытай киімдерінің үлкен партиясы анықталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар