АҚШ Қытайдан 800 долларға дейінгі сәлемдемелердің баж салығынсыз әкелінуін тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қытайдан құны 800 доллардан аз шағын сәлемдемелердің баж салығынсыз әкелінуін тоқтатты. Тиісті шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдады, деп хабарлайды CGTN.

СGTN бірқатар сарапшыларға сілтеме жасап хабарлауынша, америкалық тұтынушылар бұл қадамның салдарынан бағаның өсуіне және тауар жеткізілуінің кешіктірілуіне тап болады деп болжап отыр. Бағалау бойынша, АҚШ-қа күн сайын құны 800 доллардан аз төрт млн-ға жуық сәлемдеме келеді. Олардың көпшілігі Қытайдан.
Өз кезегінде Қытай билігі сәлемдемелерді баж салығын төлеуден босатудың жойылуы америкалық тұтынушылардың мүдделеріне елеулі түрде әсер етеді деп сендіріп отыр. ҚХР Сауда министрлігі халықаралық саудадағы кез келген өзгеріс тұтынушыларға қолайлылықты жақсартуға бағытталуы тиіс екенін мәлімдеді.
Бұдан басқа, ҚХР Сауда министрлігі америкалық тарап соңғы кездері өз бастамасымен Қытай тарапына кедендік баж салығы мәселесі бойынша келіссөз жүргізуге дайын екендігін білдіретін бірнеше рет хабарлама жіберуіне байланысты Қытайдың бағалау жүргізіп жатқанын атап өтті.
- Қытайдың ұстанымы дәйекті: егер елді тарифтер мен сауда соғыстарына мәжбүрлене, онда Қытай соңына дейін күреседі, ал егер тарифтерге қатысты мәселелер диалог пен келіссөз арқылы шешілсе, онда Қытайдың есігі ашық, - деп келтіреді Xinhua агенттік өкілінің мәлімдемесін.
Бұған дейін Бейжің ҚХР мен АҚШ кәсіпорындарының арасында іскерлік ынтымақтастықты қолдауға дайын екенін жазған болатынбыз.