АҚШ клиникасында атыс болып, бірнеше адам жараланды

None
None
МИННЕСОТА. ҚазАқпарат – Миннесота штаты Баффало клиникасында сейсенбі күні болған атыс салдарынан бір адам мерт болып, тағы төртеуі жарақат алды. Бұл туралы CNN телеарнасы аурухананың баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлады.

Олардың мәліметінше, жараланған бес адамның біреуі ауруханада көз жұмған. Жарақат алған тағы бір адам ауруханадан шығарылды, үшеуінің жағдайы ауыр. Мерт болған адам медициналық мекеме қызметкері ме – ол туралы клиника өкілі ақпарат бермеді.

Жергілікті полиция қызметкерінің айтуынша, шабуыл жасаған 67 жастағы азамат ұсталған. Атыс «медициналық мекемеге немесе осы мекемеге қатысы бар адамға» бағытталған.


Фото: witter.com/DannySpewak
Соңғы жаңалықтар