АҚШ компаниясы елімізде 240 локоматив құрастыруды жоспарлап отыр

None
Бұл мәліметтерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа мемлекеттік сапары аясында АҚШ-тың Wabtec және Citigroup компанияларының жетекшілерімен өткізген кездесуінен соң «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Wabtec» коропорациясы елімізден 20 жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда компанияның астанада 1 мыңға жуық жұмысшысы бар. Ол америкалық локоматив өндіруші ұйым. Бүгінгі келісімшарт жаңа кезеңнің басталуы десе болады. Яғни Citibank-тің қаржыландыруы арқылы «Wabtec» компаниясы елімізде 240 жаңа локоматив шы,аруды көздеп отыр. Бұл жағдай Мемлекет басшысы тапсырып отырған орта дәлізді дамытуға септігін тигізбек. Мәміленің құны 900 млн долларға тең. Яғни олар «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының локомативтерін жаңа локомативтерге алмастыруға жол ашып отыр»,-деді қаржы орталығының басқарушысы.

Оның сөзінше, Cititbank осы мақсатқа 900 млн доллар несие береді. Бұл мәселе АҚШ Конгресінде де қаралмақ.

«Бұл еліміздің инвестицияларға, шетелдік инвестицияларға, оның ішінде америкалық инвестицияларға ашық әрі қызық екенін көрсетеді»,-деді Ренат Бектұров.
Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталғанын жаздық.
Соңғы жаңалықтар