АҚШ Конгресі үкіметке наурызға дейін жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң жобасын қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM - Бейсенбі күні Конгресс АҚШ үкіметі жұмысын жарым-жартылай тоқтатуға жол бермейтін заң жобасын мақұлдады. Kazinform агенттінің тілшісі бұл туралы NBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ
Фото: UzA

Демократтар басқаратын Сенат бірнеше түзетуді қарағаннан кейін заңнаманың соңғы нұсқасына (77 және 18) дауыс берді. Республикалық палата оны 108-ге қарсы 314 дауыспен қабылдады.

Заң жобасы енді жұма күні қаржыландыру мерзімі аяқтағанша заңға айналу үшін АҚШ презилденті Джо Байденнің үстеліне жіберіледі.
Бұл – өткен жылғы қыркүйектен бергі үшінші уақытша заң жобасы, өйткені бөлінген Конгресс бүкіл жыл бойы үкіметтік қаржыландыру туралы заң жобаларын келісуге тырысып келеді.

Бірінші уақытша заң жобасы Калифорниялық республикашыл Кевин Маккартидің Өкілдер палатасының спикері қызметінен кетуіне әкелді. Заң жобасы мемлекеттік қаржыландыру мерзімін ұзартады, ол екі бөліктен құралған: 19 қаңтардан 1 наурызға дейін ауыл шаруашылығы, әскери құрылыс және ардагерлер істері, энергетика және су салаларын қаражаттандыру қарастырылса, 2 ақпаннан 8 наурызға дейін үкіметтің қалған мекемелері қаржыландырылады.
Заң жобасының иммиграция және ұлттық қауіпсіздік туралы заңның қосымша жобасына қатысты келіссөздерге қатысы жоқ. Ол биылғы жылы АҚШ үкіметін толық қаржыландыратын қаражаттандыру туралы 12 заң жобасын өңдеу үшін көбірек уақыт беруге арналған.