АҚШ Конгресі заңсыз иммигранттарды қамауға алу туралы заң қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Өкілдер палатасы мен Сенат АҚШ аумағында заңсыз жүрген тұлғаларды қамауға алуды қарастыратын заң қабылдады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Конгресс США
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

Өкілдер палатасында заң жобасын қолдап 263 конгресмен дауыс берді, 156-сы қарсы шықты. Республикашылдарға 46 демократ қосылды. Сенат құжат жобасын 64 дауыспен мақұлдады. 12 демократ қатаң шараны қолдады.

Заң жобасы президент Дональд Трампқа қол қою үшін жіберілді, деп хабарлайды NBC News. 

Заң жобасына өткен жылдың қарашасында заңсыз иммигрант өлтірген Джорджия штатының 22 жастағы медбике студентінің құрметіне Лейкен Райли атауы берілді. Кісі өлтіруші АҚШ-та заңсыз жүрген 26 жастағы Венесуэла азаматы болып шықты. Ол Райлиді университет кампусының жанында жүгіріп жүргенде ұрлап, оған шабуыл жасағаны және өлтіргені үшін сотталды. Қылмыскер шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінсіз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сенат заңсыз иммигранттарды міндетті түрде ұстауға әкелетін әрекеттердің тізімін кеңейтетін екі түзету қабылдады: полиция қызметкеріне шабуыл жасау және адамның өліміне немесе дене жарақатына әкелетін әрекеттер.

Лейкен Райли заң жобасына қарсы шыққан демократтар оның тым қатал екенін алға тартты.

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ға мүше елдерден қорғанысқа бөлетін қаражатты жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін көтеруді талап етті.

Соңғы жаңалықтар