АҚШ Конгресі Барак Обаманы АҚШ-тың келесі президенті деп ресми жариялады

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ Конгресі Демократиялық партияның өкілі Барак Обаманы АҚШ-тың келесі президенті деп ресми жария етті.
None
None
Қос палатаның бірлескен отырысында елдің қазіргі вице-президенті Дик Чейни, Барак Обаманың қаңтардың 20-сында Ақ үйдің жаңа басшысы болатынын қуаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Бұл мәлімдеме барлық американдық штаттың сайлаушылар алқасының дауыс беру қағаздары салынған жәшіктер ашылғаннан кейін жасалып отыр. Дауыстарды қайта санап шығудың барысында, Барак Обама үшін 365 сайлаушының дауыс бергені нақтыланды. Ал республикашыл Джон Маккейн 173 сайлаушының ғана дауысын ала алған.
Соңғы жаңалықтар