09:48, 17 Қазан 2013 | GMT +5
АҚШ Конгресі бюджеттің ымыралы нұсқасын мақұлдады
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың уәкілдер палатасы мемлекеттік құрылымдарын уақытша қаржыландыру және мемлекеттік қарыз лимитін көтеру туралы заң жобасын мақұлдады.

Енді құжатқа президент Барақ Обама қол қоюы керек. Ақ үйдегілер мемлекет басшысының заң жобасына президент әкімшілігіне түскен бойда қол қоятынын хабарлады.
Осыған дейін ымыраға келу құжатын жоғары палата қабылдаған болатын. 81 сенатор осы заң жобасын қолдап дауыс берген еді.