07:36, 03 Тамыз 2017 | GMT +5
АҚШ конгресіне 34 жастағы әйел оқталған қарумен кірмек болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конгресті күзететін америкалық полицейлер Вашингтонда палата өкілдерінің бірінің ғимаратына қару алып кірмекке әрекеттенген әйелді ұстады.

Politico басылымының жазуынша, оқыс оқиға өткен аптада, жұма күні болған, бірақ бұл жайлы тек сәрсенбіде мәлім етілді.
Полицейлер әтеттегідей тексеріс барысында 34 жастағы Кимберли Барбердің сөмкесінен оқталған қару тапты. Әйел ұсталды, оның үстінен заңсыз қару иеленгендігі үшін айып тағылып отыр.
Басылымының атап өтуінше, келеңсіз жағдай конгресс жұмысына кедергі келтірмеген.