АҚШ Конгресіне Трамп импичменті туралы резолюция ұсынылды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Парламенттегі демократшылдар АҚШ Конгресіндегі өкілдер палатасына Дональд Трамптың импичменті туралы резолюция ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сілтеме жасап.

Демократтар 6 қаңтарда АҚШ конгресіндегі тәртіпсіздіктерге байланысты Трамп қызметінде қалған жағдайда «ұлттық қауіпсіздікке, демократия мен конституцияға қауіп төндіретініне» сенімді.

Ол бейбіт жолмен билікті тапсырудан бас тартты деп айыпталуда. Капитолиге шерушілер басып кірер алдында айтқан сөзінде ол сайлауда жеңгенін мәлім еткен.

Резолюция авторлары Трампқа алдағы уақытта сайланбалы лауазымға баруына тыйым салуға шақырады.

Өкілдер палатасының қарауына резолюция 13 қаңтарде жіберілуі мүмкін. жаңа сайланған президент Джо Байденді ұлықтау рәсімінен бірнеше күн бұрын Трампты қызметінен тайдыру үшін парламентарилердің үштен екісі ұсынысты қолдап дауыс беруі тиіс. Алайда бұған дейін республикашылардың көбі бұл бастамаға қарсы шыққан болатын.

Кем дегенде 218 демократшыл конгрессмен құжатты қолдайтынын мәлімдеген. Бұл аталмыш ұсынысты Өкілдер палатасында қабылдауды қолдауға жеткілікті. Содан соң ғана демократшылдар импичмент ісін қозғай алады.


Соңғы жаңалықтар