Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ конгресіне Зика вирусын жұқтырған масалар әкелінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтыдағы жүз маса Зика вирусын еске салып тұруы тиіс, деп мәлімдеген республикашыл Дэвид Джолли АҚШ конгресіне ауру жұқтырған масалар әкелді, деп хабарлады АВС News.

АҚШ конгресіне Зика вирусын жұқтырған масалар әкелінді

Саясаткер қазіргі безгекпен күрес жұмыстарын «қоқыс» деп атады. Сөз сөйлеу кезінде саясаткер маса салынған құтыны әрі-бері сермеп, әріптестерін әбігерге салды. Конгрессмен ауруды зерттейтін зертханалардың қаржыландыруға мұқтаж екенін айтты.

Айта кетейік, АҚШ сенаты Зика вирусымен күреске қаржы бөлу заң жобасын бұғаттап тастаған еді.

Жергілікті БАҚ-тың жариялауынша, шын мәнінде Джолли әрі-бері сілтеген құты ішінде сау масалар болған.