08:06, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы экономиканы ынталандырудың 819 миллиард долларлық жобасын мақұлдады
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - Демократ президент Барак Обаманың жақтаушылары бақылаушы АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы америка экономикасын ынталандырудың құны 819 миллиард долларлық жоспарын мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Заң жобасы бойынша 544 миллиард долларды инфрақұрылымдық шығыстарға , тағы 275 миллиард долларды жеке тұлғалар мен бизнес өкілдеріне жасалған салықтық жеңілдіктер түрінде бөлу жоспарланып отыр. Обаманың әкімшілігі жаңа экономикалық бағдарламаның қабылдануын бір жылдан бері рецессия жағдайында тұрған АҚШ экономикасын жандандыруға жасалған негізгі қадам ретінде қарастыруда.