АҚШ консулы көшеде жүріп қазақстандықтарға гүл сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда АҚШ-тың Бас консулы Марк Муди кездейсоқ қала тұрғындарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Осыған қатысты видео Алматыдағы АҚШ консулдығының Фейсбуктағы парақшасында жарияланды.

АҚШ консулы көшеде жүріп қазақстандықтарға гүл сыйлады

«АҚШ Бас консулы Марк Муди барша қыз-келіншектерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауын Арбаттан бастаған. Кездейсоқ жүргіншілердің қандай реакциясы болғанын біліп алыңыз!», - делінген жазбада.