АҚШ қор биржасындағы индекстің төмендеуі инвесторларды дүрліктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Доу-Джонс қор биржасы индексінің төмендеуі инвесторларды әбігерге салды, деп жазады ВВС.

АҚШ қор биржасындағы индекстің төмендеуі инвесторларды дүрліктірді

Дүйсенбі күні Доу-Джонстың индексі 1175 пунктқа дейін түсіп кетті.  Бұл АҚШ қор нарығындағы 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бері болған алғашқы жағдай.

Қазіргі кезде инвесторлар негізгі қаржы мөлшерлемесінің өсуіне алып келетін экономикалық болжамдарға назар аударуда.

Доу-Джонстан кейін американың басқа қор биржаларындағы бағаның төмендеу белгілері байқалды. Мәселен, S&P индекісі 3,8%, Nasdaq - 3,7% түсті.

Бұл мәселеге қатысты Ақ үй өкілі Си-эн-би-сиге берген сұхбатында Доу-Джонс индексінің құлауына алаңдаушылық білдіретінін айтты.

«Капитал нарығының төмендеуі алаңдаушылық тудырады, алайда біз жалпы экономиканың негізгі көрсеткіштеріне сенеміз», - деді шенеунік.