АҚШ Корея Республикасына қосымша әскер мен әскери техника жібереді
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ Корея Республикасына қосымша әскер мен әскери техника жібереді. Бұл туралы Пентагонның ресми өкілі Стивен Уоррен мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Аталған шаралар бұрыннан бері жоспарда болған. Бұл Корея түбегіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты біздің мақсатымыздан туындап отыр», - деді Уоррен. Ақпан айында шамамен 800 әскери қызметкерді 9 айға Корея республикасына аттандыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар М1А «Абрамс» танктері мен әскери техниканың 40 бірлігін жіберу көзделуде. Сарапшылардың атап көрсеткеніндей, бұл қадамдар АҚШ-тың әскери векторының Ауғанстан мен Ирактан Шығыс Азияға бет бұрудың аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Корея республикасына шамамен 28 мыңға тарта АҚШ әскерилері орналасқан.