АҚШ Қорғаныс министрі мысырлық әскерилерді елдегі билікті ауыстыру қадамдарын бейбіт түрде өткізуге шақырды

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ Қорғаныс министрі Чак Хейгел мысырлық әскерилерді Президент Мұхаммед Мурсиді биліктен тайдыру кезіндегі әрекеттерін бейбіт түрде өткізуге шақырды.
None
None

Бұл туралы кеше жарияланған Пентагон құжатында мәлім болды, деп хабарлайды РБК.

Құжатта АҚШ-тың қорғаныс ведомствосының басшысы мысырлық әріптесі Абдель Фаттах әл-Сиссимен бірнеше мәрте телефонмен келіссөздер жүргізгені айтылуда. Хейгел Мысырда билікті тапсыру кезінде аталған елдің және барша өңірдің қауіпсіздігін қатаң сақтау керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар