АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдері Қапшағайдағы әскери орталықта болып қайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдері 6-7 наурызда Қапшағай маңындағы "Іле" оқыту орталығында болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдері Қапшағайдағы әскери орталықта болып қайтады

"Кездесу "Дала қыраны-2017" бітімгерлік әскери оқу-жаттығуы аясында ұйымдастырылады", - деп атап өтті ол.

Айта кету керек, "Дала қыраны" 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. 2013 жылдан бастап аталмыш жаттығуға АҚШ, Ұлыбритания, Ауғанстан, Франция, Қырғызстан, Непал, Тәжікстан және Түркия әскерилері қатыса бастады.