20:44, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
АҚШ Косовоны Тәуелсіздік күнімен құттықтады
МӘСКЕУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат – «АҚШ Косово Республикасының халқын 2008 жылғы ақпанның 18-інде қабылданған Косовоның тәуелсіздігі туралы тарихи декларацияның бір жылдығымен құттықтайды», - делінген АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары міндетін атқарушы Гордон Дугидтің жолдауында,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
«Бұдан бір жыл бұрын Косово егемен және тәуелсіз елге айналды. Өткен жыл ішінде Косово демократиялық институттарды құру бағытында тиімді жұмыс атқарды және БҰҰ елшісі, Нобель сыйлығының лауреаты Мартти Ахтисааридің жоспарында белгіленген азшылықтың конституциялық құқықтарын қорғаудың тетіктері, діни және мәдени мұраларды қорғау ұстанымдарын жүзеге асырды», - делінген жолдауда.
Құжатта атап көрсетілгендей, Косовоны 54 мемлекет таныды, олардың негізгілері -Еуроодақ, НАТО және ЕҚЫҰ елдері.