АҚШ күніне 5 млрд. телефон қоңырауларына тыңшылық жасады

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Арнайы қызметтің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден жария еткен құжаттарға қарағанда америкалық Ұлттық қауіпсіздік агенттігі күн сайын әлем бойынша 5 млрд. телефон қоңырауларына тыңшылық жасаған.

АҚШ күніне 5 млрд. телефон қоңырауларына тыңшылық жасады

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, арнайы қызмет ізіне түскен адамның мекенжайы, оның қоныстанған жерін, сондай-ақ барлық контактілерді оңайлықпен анықтайтын көрінеді.

Барлаушылардың мәліметінше, түрлі елдердегі ұялы телефондар қоңырауларының деректері лаңкестердің орналасқан жерін және жаңа байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді екен.