АҚШ құрамасы жүзуден жаңа әлемдік рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ әйелдер құрамасы 4 х 100 метрлік қашықтықтағы кешенді жүзуден болған бәсекеде жаңа әлемдік рекорд орнатты.

 АҚШ құрамасы жүзуден  жаңа әлемдік рекорд орнатты

Индианаполистегі жарыста (АҚШ пен Еуропа жүзушілері арасында) америкалықтар 3 минут 45,20 секунд көрсеткішке қол жеткізді. Бұрынғы рекорд 3.45,56 құраған. Оны америкалықтар 2011 жылы 16 желтоқсанда орнатты.

Ал Еуропа құрамасы 3.45,46 нәтижемен екінші орынды қанағат тұтты.