08:08, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
АҚШ Қырғызстандағы авиабазасы үшін көбірек ақша төлеуге әзір
ВАШИНГТОН. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Вашингтон Манастағы авиабазасын пайдалану ақысын көтеруге әзір.
Бұл туралы польшаның Краков қаласында сапармен жүрген АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс мәлім етті. Дегенмен, американдықтар қырғыздарға жыл сайын төлеп отырған 17,4 миллион доллар соманың қаншалықты өсуі мүмкін екендігін министр айтпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Р.Гейтстің пікірінше, Манас авиабазасы бойынша Вашингтон мен Бішкектің арасындағы келіссөз әлі аяқталған жоқ. Бірақ та, АҚШ қырғыз базасына балама варианттарды іздестіріп жатқанын айта кету керек, деді Пентагон басшысы өз сөзінде.