АҚШ Қырғызстандағы демократияны қолдай береді
БІШКЕК. 9 наурыз. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева Америка Құрама Штаттарында сапармен жүр.
Роза Отынбаева 8 наурызда Барак Обамамен кездесу өткізді. Америка Президенті Қырғызстанның демократияға деген талпынысын және соңғы жылы республикада болып жатқан реформаларды АҚШ-тың қолдап отырғанын жеткізді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, транзиттік тасымалдар орталығы қызметінің ашықтығын арттыру мәселелерін талқылады.
Р.Отынбаева Вашингтонда сондай-ақ «дөңгелек үстел» отырысына және АҚШ-тың Ұлттық демократиялық институты директорлар кеңесінің төрайымы Мадлен Олбрайттың атынан берілген қонақасыға қатысты.