АҚШ Қырғызстанның оңтүстігінде қосымша кеңсе ашуда

БІШКЕК. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Америка Құрама Штаттары Ошта уақытша кеңсе ашуда,
None
None

ол кеңсе Көмекті үйлестірудің уақытша орталығы деп аталатын болады (Temporary Assistance Coordination Unit - TACU). Бұл туралы ҚазАқпаратқа АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігінен хабарлады.

TACU орталығы Қырғызстанның оңтүстік өңірлеріне АҚШ көрсетіп отырған түрлі көмектесу бағдарламаларын үйлестіретін болады, АҚШ бұл аймақты қалпына келтіру, қайта құру және бітімге келтіру жөніндегі гуманитарлық жобаларға 58 миллион доллар бөліп отыр.

«АҚШ Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетуді қолдайды және құрылып отырған кеңсе елдің оңтүстігіндегі халықтың мұқтаждықтарын жақсырақ бағалауға және басқа халықаралық донорлармен өз жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді деп күтуде», делінген елшіліктің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар