АҚШ лаңкестікпен күрес жөніндегі қорды құруға 5 млрд. доллар бөледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри ел өкіметі лаңкестікпен күрес жөніндегі қорға 5 млрд. доллар шамасында қаржы қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.
Керри бұл қаражат мемлекетке экстремистермен күреске көмектесуі тиіс, деп мәлім етті.
Оның айтуынша, тиісті қор АҚШ-тың бүкіл әлем бойынша лаңкестікке қарсы операцияларын қаржыландыруына мүмкіндік береді.
АҚШ Президенті Барак Обама қор құру жөніндегі шешімін Нью-Йорктегі Вест-Пойнт әскери академиясында сөз сөйлеген кезінде жариялайды, деді Керри.