АҚШ: Лас-Вегаста «Әлем аруы - 2015» байқауы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Лас-Вегас қаласында «Әлем аруы - 2015» халықаралық байқауы басталды, деп хабарлады Gazeta.ru.
Rappler хабарлағандай, қатысушылар жарыстың алдын ала кезеңінде өздерін таныстырды және кеш көйлектері сәнін көрсетті. Шоуды жүргізушілердің бірі қазіргі «Әлем аруы» Паулина Вега болды.
Тәжге 80 қыз таласады. Финалға 15 бәсекелес шығады. Жеңімпаз 20 желтоқсанда анықталады.