АҚШ Ливиядағы төңкерісшілерге 25 миллион доллардың көмегін көрсетпек
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«АҚШ-тың негізгі серіктестеріне, Бенгазидегі көтерілісшілер ұйымдастырған және Ливиядағы шабуыл қаупі төніп тұрған бейбіт халықты қорғауға талпыныс жасап отырған ауыспалы Ұлттық кеңеске қолдау көрсету үшін американдық үкіметтің кез келген ведомствосының ресурстары мен қорларынан 25 миллион доллар сомаға дейін әскери емес көмек көрсету туралы өкім етемін»,- делінген Ақ үйдің баспасөз қызметі 27 сәуір күні таратқан арнайы меморандум мәтінінде.
Әкімшілік өкілдері ливиялық төңкерісшілерге көмек көрсету жоспары туралы бұған дейін журналистерге анонимді түрде хабарлаған еді. Дерек көздердің ақпараты бойынша, АҚШ Ливия оппозициясына көлік құралдарымен, медициналық жабдықтармен және радиоқабылдағыштармен көмектеспек.