АҚШ ливиялық жауынгерлерді даярлайды

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ 8 мың ливиялық әскери қызметшілерді тиісті даярлықтан өткізбек. Бұл туралы америкалық қорғаныс ведомствосы хабарлады, деп жазады Би-Би-Си.

АҚШ ливиялық жауынгерлерді даярлайды

Пентагонның мәлімдеуінше, аталған миссияның мән-жайы әзірге анықталу үстінде, алайда әскери дайындық шаралары Ливия аумағында өтетіні белгілі болды. Әскерилерді оқу-жаттығудан өткізуге көмек жасау үшін АҚШ тарапына ливиялық премьер-министр өтініш жасаған көрінеді.

Сонымен қатар АҚШ жағының атап өтуінше, бұл миссия америкалық-ливиялық бағдарламаның жалғасы болмақ.

Мұнымен қоса НАТО тарапы да Ливияға көмек көрсетуде.