АҚШ Манас базасына баламаны Өзбекстаннан іздестіруде

ВАШИНГТОН. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат – Құрама Штаттар Ауғанстандағы әскери операцияларды жабдықтау бойынша Өзбекстанмен арадағы ынтымақтастықты жандандырудың мүмкіндіктерін қарастыруда.
None
None
Бұл жерде, АҚШ Ауғанстанға жүк жеткізу үшін пайдаланып отырған қырғыздың Манас әуежайындағы американ авиабазасына балама вариант іздестіру туралы сөз болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. АҚШ әкімшілігіндегі дерек көздердің айтуынша, қазір Вашингтон Ташкентпен келіссөз жүргізіп жатыр, Қырғызстандағы база шын мәнінде жабылатындай болса, бұл келіссөз тиісті келісімдерге қол қоюмен аяқталып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Associated Press. Кейбір ақпараттар бойынша, ынтымақтастықты жандандыруға өзбек өкіметімен жасалған түбегейлі келісім де бар көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 3-інде Қырғыз Президенті Құрманбек Бакиев, республика үкіметі Манастағы американ әскери базасының мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдағанын жария еткен болатын. Қырғыз басшысының айтуынша, 2001 жылы құрылған база әу баста 2 жылдай ғана жұмыс істеуі керек болған. Бакиев сонымен бірге, бұл мәселенің қаржылық жағы көңілден шықпағанын айтып өтті. Пентагон болса, Манастағы базаны жабу туралы мәселе әлі толық шешілмегенін мәлім етуде. АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Брайан Уитмен, «АҚШ Үкіметі бұл мәселені қырғыздың ресми адамдарымен әлі талқылап жатқанын» жеткізді. Өзбекстан Құрама Штаттарға Ауғанстанға жүк жеткізу үшін бұған дейін өз аумағын берген болатын. 2001 жылы қыркүйектің 11-індегі лаңкестіктен кейін АҚШ Қарши-Ханабадтағы өзбек авиабазасына қол жеткізген еді, бірақ 2005 жылы Вашингтон Әндіжандағы тәртіпсіздікті күшпен басқаны үшін өзбек өкіметін сынға алғаннан кейін, Ташкент американ әскерилерін ел аумағынан аластаған болатын. Содан бері АҚШ пен Өзбекстанның арақатынасы онша емес.
Соңғы жаңалықтар